«Ананың ақылы-шырақ»

Без рубрики
Бөлісу

14.02.2024. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Ананың ақылы-шырақ» атты аналармен сұхбат өтті. Кеш қонақтары:
1. Сарыбекова Жанат Төленқызы – еңбек ардагері, ғылым докторы, профессор, “Аналар алқасының” төрайымы,
2. Абылғазина Жұмагүл Даулетовна – еңбек ардагері, денсаулық саласының үздігі, “Алтын дәрігер” төс белгісінің иесі,
3. Абдрахманова Күлзипа Бекбауовна – еңбек ардагері, заңгер.
Аталған кездесуде заманауи қыз тәрбиесі, отбасы тәрбиесі, адами құндылықтар, тән мен жан тазалығы, ар мен намыс, қызметке адалдық турасында тамаша өсиет, ақыл кеңестер айтылды. Жастарға үлкен ой салатын бейнефильм көрсетілді. Студенттер келген қонақтарды өз шығармашылықтарымен қуантты.