«Анатомия және физиология үздігі-2023» Республикалық кәсіби байқауы өткізілді

Без рубрики
Бөлісу

06.04.2023 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының» қолдауымен «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында «Мейіргер ісі» мамандығы «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі бойынша II курс студенттер арасында «Анатомия және физиология үздігі-2023» Республикалық кәсіби байқауы өткізілді.
Байқаудың салтанатты түрде ашылуына «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ басшысы Оспанова Жанар Мықтыбекқызы келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кәсіби байқаудың мақсаттары:
1. Болашақ мейіргерлердің құзыреттілігін, олардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге көмек көрсету.
2. Медицина саласындағы мейіргерлердің кәсіби шеберліктерін арттыру, осы саладағы жұмыс әдістерін жетілдіру және денсаулық сақтау саласының қызмет көрсету сапасын жақсарту.
3. Болашақ медицина мамандарын даярлаудың жаңа заманауи бағыттарын қалыптастыруға жәрдемдесу.
4. Студенттердің топта жұмыс жасау, логикалық ойлау, көру арқылы, есте сақтау, шапшаңдыққа жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
5. Студенттердің зияткерлік дамуын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, болашақ мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру.
6. Кәсіби және шығармашылық өсу, өзін-өзі бағалау қасиеттерін дамыту.

Байқаудың қонақтары:
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының» басшысы Оспанова Жанар Мықтыбекқызы;
2. «SENIM» «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Момбекова Гүлмайра Асановна;
3. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі» басшысы Жайлышева Алтынай Жайлышқызы.
Әділ қазылар алқасының төрайымы:
Жамбыл жоғары медицина колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна;
Әділ қазы мүшелері:
1. «SENIM» «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Момбекова Гүлмайра Асанқызы;
2. Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігердің орынбасары Садықова Гүлбану Әмірқұлқызы;
3. «Денсаулық сақтау үздігі», «Педиатрия» пәнінің оқытушысы Мырзагулова Жанат Бекмухановна;
4. «Анатомия және физиология» пәнінің оқытушысы Назар Динара Қыстаубайқызы.
Байқауға бақтарын сынауға Қазақстанның әр қаласынан, жалпы 15 оқу орнынан келіп қатысты.
Жүлделі орынға ие болған оқу орындары:
1. Бас жүлде Шымкет қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі», МКК «Atlas» тобы – медаль және 500 000 теңге Сертификатымен марапатталды;
2. 1-ші орын Талдықорған жоғары медицина колледжі, «7-su anatomdary» тобы – медаль және 300 000 теңге Сертификатымен марапатталды;
3. 2-шi орын Алматы жоғары медициналық колледжі, «Т-киллер» тобы – медаль және 200 000 теңге Сертификатымен марапатталды;
4. 3-ші орын Атырау жоғары медициналық колледжі «Энцефалон» және Түркістан жоғары медициналық колледжінің «Genesis» топтары – медаль және 100 000 теңге Сертификаттарымен марапатталды.
Жетекшілері мен қатысушы топтарға естелік сыйлықтар, сертификаттар және Алғыс хаттар табысталды.