«Анатомия және физиология үздігі-2025»

Бөлісу

16.04.2025 Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылына орай №1 жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Мейіргер ісі» студенттерінің арасында «Анатомия және физиология үздігі-2025» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Болашақ мейіргерлердің құзыреттілігін, олардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге көмек көрсету,медицина мамандарын даярлаудың жаңа заманауи бағыттарын қалыптастыруға жәрдемдесу.Медицина саласының іргетасы саналатын «Анатомия және физиология» пәнін игерілу сапасын бағалау, білімдерін арттыру. Байқаудың әділ- қазылар алқасының төрайымы: 1. Жамбыл жоғары медицина колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы. Әділ-қазылар мүшесі: 1. Жамбыл жоғары медициналық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Л.Т. 2. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мейрманова Л.К. 3. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің әдіскері Коконбаева А.К.; 4. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Айдралиева А.Б. «Анатомия және физиология үздігі-2025» байқауының жүлдегерлері: 1 орын – «VitaSciens» тобы,жетекшісі Таңат Г.Б; 2 орын – «MedGenius» тобы,жетекшісі:Септесін Г.Қ; 3 орын – «Иммуна» тобы,жетекшісі Нұрмаханбетова А.Н Жүлдегерлер байқауға қатысқаны үшін студенттер кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар,командалық ойында белсенді қатысқан студенттер төмендегі номинациялармен марапатталды: 1. «Үздік командалық ойыншы»-Гиппократ тобы 2. «Quest шебері»-Pons тобы