«Анатомия және физиология үздігі» байқауы

Без рубрики
Бөлісу
17.05.2022 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжі №1 жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы Д.Қ.Назардың ұйымдастыруымен, «Мейіргер ісі» мамандығы «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі II курс студенттерінің арасындағы «Анатомия және физиология үздігі» байқауы өткізілді. ✔️
Сайыстың мақсаттары:
1. Болашақ мейіргерлердің құзыреттілігін дамыту, олардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге көмек көрсету.
2. Студенттердің топтаса біліп, логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , шапшаңдыққа жұмыс істей білуін дамыту.
3. Медицина саласындағы мейіргерлердің кәсіби шеберліктерін арттыру, осы саладағы жұмыс әдістерін жетілдіру және денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету сапасын жақсарту.
Болашақ медицина мамандардын даярлаудың жаңа заманауи бағыттарын қалыптастыруға жәрдемдесу. Байқауға орай Анатомия және физиология пәні бойынша шығарылған тест және сөздік жинақтарының лентасы қиылды.
Сайысты өткізу мақсатымыз:
– болашақ мейіргерлеріміздің «Анатомия және физиология» пәнінен теориялық және тәжірибелік білімдерінің деңгейін тексеру. Медициналық және әлеуметтік күтім саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, осы саладағы жұмыс әдістерін жетілдіруін және денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету сапасын жақсарту.
1. топ «Рефлекс» -1орын
2. топ «Адреналин» – 2 орын
3. топ «Жүрек»-3 орын
4. топ «Энцефалон»
Үздік капитан:Темірбекқызы Жангүлім. Жүлделі орын алған топтар мен студенттерімізді құттықтаймыз.