«AntiParaCraft-2021» оқытушылар мен студенттер квест-ойыны

Без рубрики
Бөлісу

19 сәуір 2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қолдауымен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Саналы ұрпақ» студенттер клубының ұйымдастыруымен «AntiParaCraft-2021» оқытушылар мен студенттер квест-ойыны өткізілді.
Жобаның негізгі мақсаты-оқытушылар мен студенттер арасындағы байланысты нығайтып, олардың сыбайлас жемқорлыққа деген келіспеушілік көзқарасы мен төзбеушілікті қалыптастыру, жас мамандар арасында парасаттылық, адамгершілік идеологиясын насихаттау, жемқорлық ұғымына деген өз қарсылықтарын ілгерілету. Ойын нәтижесінде «Фристайл» тобы Бас жүлде иеленсе, «Респект» тобы «Үздік тапқырлар» номинациясы, «Креатив» тобы «Үздік ұйымшыл» номинациясын иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!