«Қаныш Сәтбаев – қазақтың тұңғыш академигі»

Без рубрики
Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 124 жыл толуына орай «Қаныш Сәтбаев – қазақтың тұңғыш академигі» тақырыбында викториналық ойын өткізілді.
Викториналық ойынға 103М-9/22 және 109М-9/22 топ студенттері қатысып, диплом және алғыс хатпен марапатталды.
Мақсаты:
Білімділік: көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың артында қалдырған ғылыми мұраларымен таныстыру.
Дамытушылық: Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылыми дамудағы рөлін көрсету арқылы студенттердің ой – өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қаныш Сәтбаевтың еңбектері арқылы студенттердің Отансүйгіштік сезімдерін арттыру, білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу.

Жауапты: №2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері