Қаныш Сәтбаев Имантайұлының көрмесімен танысу өтті

Бөлісу

20.04.2023ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Coworking» оқу орталығында кітапханашылардың ұйымдастыруымен рухани-адамгершілік патриоттық тәрбие беру мақсатында Қаныш Сәтбаев Имантайұлының көрмесімен танысу өтті. Қ.Сәтбаев (1899-1964) – геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті. Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик. Білімгерлер Қ.Сәтбаевтың өмірбаяны мен қызметтік жолы, кітап көрмесімен танысты. Қатысқандар: 135, 223, 225, 115 топ білімгерлері.