Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып,
Күн болам!
С.Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай виртуалды көрме.
Қазақтың ақыны, ағартушы-демократы Сұлтанмахмұт Торайғыров
1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданында туған.
3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Жастайынан жетімдік көріп, тағдыр тауқыметін тартқан ұлы тұлға өмір қиындықтарымен үнемі күресті. Революциялық жолмен елдің дамуын көкседі.
Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды. Оның еңбектері: екі роман Қамар сұлу, Кім жазықты?; төрт поэмасын Таныстыру, Адасқан өмір, Кедей, Айтыс жариялады.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапханашылары.