«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

Бөлісу

25.09.2024ж. Студент бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау мақсатында, «Қамқор» жобасы аясында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде
«1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Атаулы мерекелік іс- шара колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызының құттықтау сөзімен басталды. Келген қонақтар да өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Бүгінде колледжімізге еңбегі сіңген 48 ардагерлерімізге сый-құрмет көрсетілді.
Осы іс-шара №2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен өткізілді.