Ашық есік күніні

Бөлісу

2022-2023 оқу жылында Ашық есік күндері бойынша атқарылған жұмыстар
​ Ашық есік күнінің өткізілуінің негізгі мақсаты- мектеп оқушыларына мамандық таңдау мүмкіндіктері мен бағыт – бағдарын беру. Қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру.
2022-2023 оқу жылына араналған жылдық жопарға сәйкес Жамбыл жоғары медициналық колледжінің Б ғимаратында Тараз қаласының №7 мектеп гимназия, №35 орта мектебі, Техникалық шығармашылық орталығы, №8 мектеп гимназия, №32 орта мектебі, №40 орта мектебі, №61 орта мектебі, №33 орта мектебі, №2 Болашақ мектеп интернаты, №4 орта мектебі, №2 орта мектебі, №25 орта мектебі, №55 орта мектебі, №45 орта мектебі, №21 орта мектебі, Жамбыл ауданының Төле би орта мектебі, Н.Киікбаев атындағы мектеп гимназиясы, Жуалы ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9,10,11, сынып оқушыларымен ашық есік күндері өткізіліп отырды.
Клиникалық пәндер оқытушылары Қоқанова А.Ж., Батанова А.Е., Токташева Ж.А., Турмысова Ф.Д., Ахметова У.М., Сайлаубаева Н., Тулегенова У.Б., Парманова А.Т. колледжіміздің кабинеттерімен таныстырып өтті. Мектеп оқушыларына мамандықтар туралы, колледжіміздің тарихы туралы мағлұмат беріліп, таратпа қағаздар таратылды.