11.03.2026 ж. №1 Жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы А.Н. Нұрмаханбетова анатомия және физиология пәнінен «Мейіргер ісі» бөлімі 205М-9/24 тобымен «Эндокриндік жүйенің анатомиясы және физиологиясы» тақырыбында сынамалы ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: ішкі, сыртқы және аралас бездердің орналасуын, гормондардың қасиеттері мен әсер ету механизмін, бездердің қалыпты жұмысының бұзылуларының салдарын және аурулардың алдын алу шараларын білу. Сабақты «Ai Dreamface” бағдарламасы арқылы қорытындылады.




