Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №2 Арнайы пәндер ЦӘК оқытушысы А.Е. Батанова «Инфекциялық аурулар» пәнінен «Емдеу ісі» мамандығының 316ЕФ-9/23 топ студенттерімен «Аса қатерлі жұқпалар. Оба. Туляремия» тақырыбында тәжірибелік ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: студенттерге оба және туляремия ауруларының этиологиясы, патогенезі, эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, зертханалық диагностикасы, емдеу шаралары, профилактикасы және күтімі туралы түсіндіру. Аса қатерлі жұқпалар кезінде обаға қарсы көп реттік костюмді киіп-шешу техникасын орындауды үйрету, клиникалық ойлау қабілеті мен тәжірибелік дағдыларын дамыту, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.







