5 наурыз 2026 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжі 302 топ «Мейіргер ісі» мамандығы, біліктілігі «Жалпы практикадағы мейіргер» студенттері арасында куратор Кудебаева Э.Ж.-ның ұйымдастыруымен «Аяулы аналар» тақырыбында Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттердің бойында анаға, әйел затына деген құрмет пен сыйластық сезімін қалыптастыру. Сонымен қатар, аналардың мейірімі мен еңбегін бағалауға, олардың қоғамдағы және отбасындағы маңызды рөлін терең түсінуге тәрбиелеу болып табылады. Тәрбие сағаты барысында студенттер ананың қадір-қасиеті, отбасыдағы орны мен қоғамдағы маңызы туралы ой бөлісіп, аналарға арналған жүрекжарды тілектерін білдірді. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар студенттердің бойында адамгершілік, ізгілік, үлкенді құрметтеу, анаға деген сүйіспеншілік пен алғыс сезімін қалыптастыруға бағытталған.Тәрбие сағаты мазмұнды өтіп, студенттердің белсенді қатысуымен ұйымдастырылды. Мұндай тәрбиелік кездесулер жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға және ұлттық тәрбиені нығайтуға зор ықпал етеді.





