Ашық есік күні

Без рубрики
Бөлісу

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК 2020 жылдың 16 қаңтарында «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Аталған іс-шараға Техникалық шығармашылық орталығы, №33 орта мектебі, №31 орта мектебі, №44 орта мектебі, №2 орта мектебі, №5 мектеп гимназия, №4 оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты.
Ашық есік күні өткізілуінің негізгі мақсаты мектеп оқушыларына мамандық таңдау мүмкіндіктері мен бағыт – бағдарын беру. Қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК мамандықтары мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жайында мағлұматтар беру, колледжде жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу бағыттарымен таныстыру, колледждегі үлгі тұтатын ғылым жолындағы алатын салмақты орны бар ұстаздардан мектеп оқушыларының санасына қалатындай естеліктер мен қызықты жайттарын ортаға салып, медицинаның көкжиегінен көрінуге бағыт беру.
Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, мамандықтары, жаңадан «Мейіргер ісі» бойынша «Қолданбалы бакалавр» және «Зертханалық диагностика» біліктілігі бойынша «Медициналық лаборант» мамандығы ашылғаны жөнінде ақпарат берілді. Колледж жайлы қысқаша бейнеролик көрсетілді.
Колледжіміздің «Б» корпусындағы кабинеттерімен таныстырып өттік
«Оқу-симуляциялық орталық», «Денсаулықты нығайту», «Тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Жедел жәрдем», «Фармакогнозия зертханасы», «Оқу дәріханасы. Фитобар», «Акушерия және гинекология» (род.зал), «Паллиативті көмек және онкологиялық профильді пациенттерге күтім», «Терапиядағы мейіргерлік күтім», «Мейіргер ісінің негіздері», «Педиатриядағы мейіргер ісі», Компьютерлік кабинеттерімен таныстырылып шықты.
Оқушылар медицина мамандарының жұмысы қаншалықты қызықты әрі жауапты екенін сезініп, қызығушылықтарын танытты. Соңында оқушылдарға колледждегі мамандықтар туралы брошюралар таратылды.
Жалпы қатысушылар саны: 220 оқушы. Жауапты: Л. А. Артықова