31.01.2020 ж №1 Арнайы пәндер ЦӘК оқытушысы А.К. Коконбаева «Мейіргер ісі» бөлімінің 302 топ студенттерімен «Мейіргер ісі» пәні бойынша «Сүйек – бұлшық ет және дәнекер ұлпа ауруларында мейіргер ісін ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаттары: студенттерге сүйек – бұлшық ет және дәнекер ұлпа ауруларындағы науқастардың негізгі шағымдарын, объективті қарау кезіндегі негізгі симптомдарын, пальпациялауды, аускультацияны, қосымша тексеру әдістеріне дайындауды, сонымен қатар мейіргер ісін ұйымдастыруды түсіндіру, әрі толық мәліметтер беру. Студенттердің білімдерін тексеру мақсатында 3 топқа бөлінді. Интерактивті («Полиглот», «фото сұрақ», «мозаика», тест, «клиникалық ойлау», «үй макеті») әдістерді қолдану арқылы студенттердің білімдері тексерілді. Ашық сабақ жақсы деңгейде өтті.