19.11.2018 жылы облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың қараша айының 15-25 аралығында облыс көлемінде «Астанаға 20 жыл» тақырыбында мұражай байқауы өткізілуде. Осыған орай комиссия мүшелері: қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Чикалина Людмила Ивановна мен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Крыгин Александр Иванович Жамбыл медициналық колледжінің мұражайында болып, тарихи жәдігерлермен танысып қайтты. Колледж директорының міндетін атқарушы Л. Т. Қуанышбекова ардагерлерге алғысын білдіріп, естелік ретінде колледждің 80 жылдық мерейтойына арналған «Тарихы терең, келешегі кемел білім ордасы» атты кітабын сыйға тартты.