«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Бөлісу

13.11.2023 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» айлығының аясында «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында тәрбие бөлімінің ұйымдастырумен ата-аналар және қамқоршы-қорғаншылармен жиналыс өтті.
Жиналыс қонағы Тараз қаласы Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры А.Б.Мұсаева қазіргі таңда жиілеп кеткен отбасындағы жайсыздық, әйелдерге және балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы айтып, оның жасөспірім тәрбиесіне қаншалықты кері әсері барын түсіндірді.
Жамбыл облысы бойынша зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының психологі Г.М.Омарова тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көріп, әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет етіп келген әрбір әйелге дағдарыс орталығының қандай көмек көрсететіні, мамандардың ана мен балаға беретін кеңестері мен қолдаулары туралы айтып, орталығтың байланыс телефонын таратты.
Кездесуде колледж психологі К.Сүйінбекұлы тренинг жүргізді және ата-аналарға презентация, бейнефильмдер көрсетіп, кеңес берілді.
Жауапты: әлеуметтік педагог А.А.Буксукбаева.