Ауған жауынгерлері – елдің ерлері
12 ақпан 2025 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай батыр ардагерлермен “Ауған жауынгерлері – елдің ерлері” тақырыбында кездесу өтті.
Бұл күн – тарихтың ұмытылмас беттерінің бірі. Отан алдындағы адалдықтың, ерлік пен батырлықтың айғағы. Студенттеріміз жүрек тебірентер көріністер көрсетіп, патриоттық әндер шырқап, ардагерлермен сұхбаттасып, сол бір қиын жылдардың куәгерлерінің естеліктерін тыңдады.
Ауған соғысының қаһармандары – ерлік пен рухтың символы. Олардың батылдығы, қайсарлығы бізге мәңгілік үлгі.
Кездесу қонақтары:
Жамбыл облысы және Тараз қаласы ауған соғысы ардагерлерімен мүгедектер одағының төрағасы, Қазақстан Республикасының “Құрмет” ордені иегері – Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлы.
Ауған соғысының ардагерлері:
Арғынбаева Анар Амангелдіқызы,
Сенбиев Нұрбақыт Онланбекұлы,
Естайбеков Нұрғали Қорғантайұлы,
Акжигитов Ерболат Амантайұлы.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!