«Ауғанның отты жалыны»

Без рубрики
Бөлісу

16.02.2024 жылы АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының ұйымдастыруымен 15-ақпан Кеңес Одағы әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, «Ауғанның отты жалыны» тақырыбындағы Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облысы және Тараз қаласы  Ауған соғысы ардагерлері одағының  төрағасы  Қазақстан Республикасының  Құрмет орденің иегері, қоғам белсендісі Ермекбаев Дүкенбай Сайлаубаевич,  Ауған соғысына қатысқан ардагер медбике Арғынбаева Анар және  Ауған соғысының ардагері Акжигитов Ерболат Амантайұлы  қатысып, студенттерді ерлікке, ұлтжандылыққа өз елінің патриоты болуға және ардагерлерге құрмет көрсетуге шақырды.