«Қауіпсіз интернет»

Бөлісу

Куратор сағаты «Қауіпсіз интернет»
10.02.2026 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Емдеу ісі» 124 топ студенттерімен өткен кураторлық сағатта интернет желісінің пайдасы мен зияны туралы маңызды ақпараттар талқыланды. Болашақ мамандар ретінде цифрлық кеңістікте сауатты болудың маңызы зор.
Әрбір студент мына үш алтын ережені жадында сақтауы тиіс:
Сенбе! Желідегі кез келген бейтаныс адамға және тексерілмеген ақпаратқа күмәнмен қараңыз.
Баспа! Күмәнді сілтемелер мен жарнамалық баннерлерді ашудан сақтаныңыз.
Жариялама! Өзіңіздің және жақындарыңыздың жеке мәліметтерін ашық көрсетпеңіз.
Осы қарапайым ережелерді ұстансаңыздар, интернет сіздердің сенімді көмекшілеріңізге айналады. Сауатты болыңыздар, сақ болыңыздар!
Жауапты: топ кураторы Есенбаева Р.А

#АдалАзамат