31.03.2023 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Қазақстан Республикасындағы ерлер денсаулығының – қазіргі мəселелері мен өзекті шешімдері» атты тақырыпта «Мейірім» үйірмесінің ашық отырысы өткізілді.
Мақсаты:
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттерінің таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыра отырып, ғылыми көзқарасты қалыптастыру, студенттерді ерлер ауруларында жиі кездесетін мәселелермен таныстырып, ерлер ауруларына әкелетін факторлардың теориялық және практикалық білікті меңгертуге және ауруларының алдын алудағы дағдыларын қалыптастыру.
Ашық отырыс барысында «Ер адамдардың қуық жыныс мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері», «Ерлердің қуық асты безінің ісігі» тақырыптарында презентациямен баяндама оқылды.
«Ер адамның жыныс мүшесін жуу», «Ер адамның қуығын катетерлеу» тәжірибелік іс-әркет алгоритмдері көрсетілді.
Медицина орталығы «Жумагалиев» клиникасының уролог дәрігері Карамомут оглы Джавдет Халиловичпен үйірме мүшелері арасында бейнесұхбат көрсетілді.