Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру.

Бөлісу

2026 жылдың 3 ақпан күні «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК қызметкерлері және оқытушылары арасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді. Іс-шара барысында Конституцияның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған негізгі қағидаттары, сондай-ақ олардың білім беру саласына әсері жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар конституциялық құндылықтарды білім беру процесінде кеңінен насихаттау мен білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Жиналыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі нормалары мен қағидаттарын оқытушылар мен қызметкерлерге түсіндіру, оларды оқу-тәрбие жұмысына жүйелі түрде енгізу және құқықтық ағарту жұмыстарын күшейту жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.