#АдалАзамат #ақпан – жасампаздық – бәрімізге өнеге айы
2026 жылдың 27-ші ақпан күні, жылдық жұмыс жоспарына сай «Бүгінгі қыз – ертеңгі ана» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Қыздар үшін жақсы тәрбие мен білімнің маңызы айқындалып, оларға білім беру мен дұрыс тәрбие беру ісінің келешек ұрпақ үшін жауапкершілікті арттыратыны атап өтілді. Медпункт фельдшеры:Н.Д.Сейдалиева сөз алып, қазіргі жастардың денсаулығы мен дұрыс өмір салтына ерекше назар аудару қажеттілігі туралы айтылды. Қыздар — болашақ аналар, қоғамның дамуына үлес қосатын тұлғалар. Олар өз денсаулығын сақтап, психологиялық және физикалық тұрғыдан дамып, болашаққа сенімді қадам басуы керек. Әрбір қыздың дұрыс тәрбиеленіп, білім алуына, денсаулығына көңіл бөлуіне және әлеуметтік жауапкершілікті сезінуіне назар аудару өте маңызды. Тек осылайша олар болашақта өз отбасын құрып, қоғамда белсенді рөл атқара алатыны айтылды.
Ұйымдастырушылар: тәрбие бөлімі, медпункт фельдшеры Н.Д.Сейдалиева.




