02.05.2023 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің № 3 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысыҰ.Б.Тулегенова 213М-9/21 топ студенттерімен «Мейіргер ісінің негіздері» пәнінен «Бұлшық ет ішіне егу жасау техникасы. Антибиотиктерді еріту.» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге антибиотиктерді есептеуді, араластыруды және шприцке сорып алуды, сақтау ережесін түсіндіру. Бұлшық ет ішіне инъекция жасау көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін, инъекция жасаудағы анатомиялық орындарын, инъекциядан кейінгі асқынуларды, егу ерекшеліктерін, алдын алу және емдеуді түсіндіру және үйрету. Бұлшық ет ішіне инъекция орындау іс-әрекет алгоритмін түсіндіру және үйрету.