2021 жылғы 25 маусымда «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің отырысы байқау кеңесінің төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мурзақасымов Хамит Саттарқұлұлының төрағалығымен өтті. Байқау кеңесінің отырысына С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қаржы директоры Утегенов Асет Кедыргалиевич шақырылды. Сонымен қатар, отырысқа Жамбыл жоғары медициналық колледжінің қаржы және әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі атқарушы директоры Хавсемет Марат Хавсеметович, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бас есепшісі Умирзакова Ботагоз Марковна қатысты.
Байқау кеңесінің күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК байқау кеңесі мүшесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Жер учаскесінің бір бөлігін беру бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің ұсынысын қарастыру туралы.
- «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры бос лауазымына байқау жариялау туралы.
- «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК ұйымдастырушылық құрылымына өзгерістер енгізу туралы.
- Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту туралы.
Байқау кеңесі мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.