«Хирургия» пәнінің оқытушысы А.М. Дәулетов студенттер арасында «Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация» пәнінен «Десмургия» кәсіби сайысын өткізді. Сайысқа қатысқан студенттер: «Емдеу ісі» мамандығы Садықбекова С. (301топ), Мырзабекова А. (302топ), Белхожаева А. (303топ), Сегізбай Д. (304топ), Қасымбекова А.(320топ), Әсілбек Ғ. (324топ). Сайыстың мақсаты: ересектер мен балаларға дәрігерге дейінгі білікті шұғыл медициналық көмек көрсету; әртүрлі зақымданулар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдерін меңгере білу; өмірге қауіп төндіретін және шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсете білу; студенттердің өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру; жауапкершілікке, ұқыптылыққа баулу; студенттерді өз ісіне тиянақты, ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; студенттердің теориялық білімдерін клиникалық тәжірибеде қолдана білуге және клиникалық ойлау қабілетін , зерделілік қасиеттерін жетілдіру. Әділ қазылар шешімі бойынша 324 топ студенті Әсілбек Ғ. гран при иеленді. Сайысты қорытындылау сөзі және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі әділ қазылар алқасының төрайымы Жамбыл медициналық колледжінің директоры Ж.Н.Сарыбекова берілді. Сайыс жақсы деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.