«Nur Otan» партиясының «Балаларды мектепке даярлаймыз» атты Республикалық қайырымдылық акциясын қолдай отырып, №10 «Алау» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын мектеп киімімен қамтамасыз етті.