«Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер құқықбұзушылықтың алдын алу»

Бөлісу

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 23-і күні Тараз қаласы Жамбыл жоғарғы медициналық колледжі білім алушылары мен ұстаздарға ұсынылған алгоритмге және материалдарға сәйкес құқықтық, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілімі мен талқылау ұйымдастырылды. Білім алушыларға теміржол және әуе көлігі объектілерінде тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер құқықбұзушылықтың алдын алу» және «Теміржол – аса қауіпті аймақ», «Интернет арқылы жасалатын қылмыстың алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа Тараз қаласы Жібек жолы ауданы әкімнің орынбасары Тұрсынбек Бақкелді Ғабдоллаұлы, ардагер ұстаз Сапаров Берік Тұрарұлы, №5 қалалық емхана ЖДО психологы Жарқынбекова Ақерке Талғатқызы, №60 орта мектептің әлеуметтік педагогы Серікбекова Назым Түйебайқызы, Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты А.Джанабаев, полиция аға лейтенанты М.Шырынханов және Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Қ.Шырынханов қатысты.