04.03.2026 ж. Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің бастамасымен жүзеге асып жатқан вандализмге қарсы «Барынды бағала» жобасы аясында студенттер арасында облыстық эссе байқауы өтті. Жамбыл жоғары медициналық колледжінен 5 студент қатысып, III орын Арууа Мырзабек пен Шерхан Искендеровке табысталды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.








