03.05.2024. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің Nº3 Жалпы білім беру және
жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушысы Турматов Ғазиз Нурлыбекович «Дене шынықтыру» пәнінен «Емдеу ісі» 226 ЕФ-9/22 топ студенттерімен, «Баскетбол . Допты алып жүру және себетке салу тәсілдерін жетілдіру . Айып добы.» тақырыбы бойынша сынамалы сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Денені сауықтыру мақсатында, студенттердің,
қимыл-әрекет қасиеттерінің үйлесімділігінің, толық жетілуін қамтамасыз ете отырып, баскетбол добын алып жүру тәсілдерін және себетке лақтыру техникаларын үйрету;
Студенттердің денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, спорттық мінез-құлықтарын дамыту және оқу бағдарламасының талаптарына сай
жаттығулардың әдіс-тәсілдерін, дене қимылдарын үйлесімді пайдалануға баулу арқылы сабақтың мақсатына жету.