14.03.2024 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде №1 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы Ә.Қ. Баетова «Мейіргер ісі», «Мейіргер ісі қолданбалы бакалавр» 136 ҚБ -11/23 тобымен, «Пациенттің жағдайын клиникалық бағалау» пәнінен «Бауыр мен өт қабының мүшелерін зерттеудегі мейіргерлік процесті ұйымдастыру» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: студенттерге бауыр мен өт қабының мүшелерінің қызметі бұзылуының клиникалық белгілері мен таныстырып, түсіндіру;
Пациенттің жағдайын бағалауда артериялық қан қысымын, бауыр мен өт қабының ауруларының пальпациясы мен перкуссиясын жүргізуді;
Бауыр мен өт қабының мүшелерін зерттеудегі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін зерттеуді үйрету;
Мейіргерлік процесті ұйымдастыру туралы теориялық білімдерін тереңдету, тәжірибелік маңызын түсіндіру.