Ашық сабақ «Бауыр, өт жолдары аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Мейіргер үрдісін ұйымдастыру».

Бөлісу

01.12.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №1 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссия оқытушысы Ж.Қ Ағадилова «Пациенттің жағдайын клиникалық бағалау» пәнінен 308 М- 9/23 1 топшасымен «Бауыр, өт жолдары аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Мейіргер үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында колледжішілік ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:
1. Студенттерге бауыр мен өт қабы қызметінің бұзылыстарында пайда болатын клиникалық көріністерді таныстырып, түсіндіру.
2. Пациент жағдайын бақылау барысында бауыр мен өт қабы ауруларында пальпация және перкуссия тәсілдерін меңгерту.
3. Бауыр мен өт қабы патологияларын анықтауда қолданылатын зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін үйрету.