17.04.2024 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Рефлекс»үйірмесі «ҚР ерлер денсаулығының қазіргі мәселелері мен өзекті шешімдері» тақырыбында оның ішінде «Бауыр циррозы» тақырыбында ашық үйірме отырысы өткізілді.
Ашық отырыстың мақсаты:
Студенттерді бауыр циррозының пайда болу себептерімен, этиологиясымен, патогенезімен, диагностикасымен, емдеу және алдын алу шараларымен таныстыру;
Студенттердің танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, базалық пәндерге деген қызығушылығын ояту, студенттердің клиникалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Үйірме жетекшісі: Орынбек С.А.
Бөлімі: «Мейіргер ісі» және «Емдеу ісі»
Қатысқан топтар: 201 М-9/22, 212 ЕФ-9/22, 128 ЕФ-11/23.