1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған “Балалардың игілігі үшін” атты республикалық акция Жамбыл жоғары медициналық колледжінде “Бауырсақ party” атауымен жалғасын тапты. 1 курс студенттеріне ыстық бауырсақтар пісіріліп, таратылды. Акция мақсаты: балаларды қорғау мерекесін сезіну елінің білімді де, тәрбиелі азаматы болуға баулу, балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Акцияға тәрбие жұмысының меңгерушісі Айдабосынова Ж.Н., бөлім меңгерушілері Қалымбетова Ж.Б., Саурбаева Л.Б. және екі бөлімнің топ кураторлары ат салысты.