24.05.2018 ж. Колледждің белсенді жастарымен кеңейтілген отырыс өткізілді. Студенттік кеңестің төрағасы Серікұлы Еркебұлан, «Жас Алаш» пікірсайыс клубының төрайымы Аксанди Еңлік және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жамбыл медициналық колледжі бөлімшесінің төрайымы Елубай Нұрайдың жылдық есептері тыңдалды. Сонымен қатар колледждің студенттік кеңестің ережесіне сәйкес көшбасшылар орындарынан босатылып, жаңа тағайындаулар болды. Олар: студенттік кеңестің төрағасы орнына Қыпшақбаев Ермек, орынбасары Тамбес Қанат, «Жас Отан» жастар қанатының Жамбыл медициналық колледжі бөлімшесінің көшбасшысы Шернияз Арайлымның орнына Омар Диана тағайындалды. Отырыс соңында жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Уркимбаева жаңа көшбасшыларды құттықтап, колледжің мәртебесін әрқашан биіктетуге өз үлестерін қосады деген сенімін білдірді.