21 ақпан 2023 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Білікті маман – болашағы зор мемлекеттің тұтқасы» тақырыбында Тараз қаласының емдеу мекемелерінің бас дәрігерлерімен ашық диалог алаңы өткізілді. Ашық диалог алаңында колледж директоры Ж.Н.Сарыбекованың 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы жылдық есебі тыңдалды. Болашақ мамандардың негізгі қызметімен, жұмыс берушілердің қазіргі медицина қызметкерлеріне қоятын талаптарымен түлектерді таныстырды. Кәсіби бағдар беру жұмыстарымен қатар емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері болашақ мамандарға таңдаған мамандықтарының қыры мен сырын айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бітіруші курс студенттері медициналық ұйымдары туралы ақпарат алды. Келген қонақтар студенттердің орындауында ән шашуларын тыңдап, колледж фитоөнімдерімен танысты.Ашық диалог алаңына
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№2 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК
бас дәрігері Тойшибекова Жеңіс Прмахановна,
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК
бас дәрігері Сауранбаев Еркинтай Аштаевич,
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық оңалту орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Карибаева Динара Жандаровна, «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» КММ басшысы Бибазарова Қарлығаш Джалғасовна мен мекеменің бас мейіргері Сабыркулова Роза Алигуловна қатысты.