18.09.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледждінде топ ішіндегі ынтымақтастықты күшейтуге, бірлік пен өзара қолдаудың маңызын сезінуге арналған психологиялық тренинг өтті. Студенттер ашық әңгімелесу, пікір алмасу және бір-бірін тереңірек тану арқылы командалық рухтың қаншалықты маңызды екенін түсінді. Шара барысында топ мүшелері бір-біріне сенуді, бірге шешім қабылдауды, ортақ мақсатқа жұмылуды тәжірибе түрінде меңгерді. Тренинг студенттердің бойында сенім, жауапкершілік, достық пен қолдау сезімдерін нығайтып, команда болып әрекет етудің қандай күшті екенін айқын көрсетті. Бірлік бар жерде – бәрі мүмкін! Бірге болғанда кез келген қиындықты жеңуге болатынын жастар тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жауапты: колледж психологы К.Сүйінбекұлы
#ППЖ #Комплексноеобразование #кешендіоқыту #ЮНПФА

