29.04.2024ж Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Емдеу ісі» бөлімінің 118 ЕФ-9/23 топ студенттерімен 1 мамыр- Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында колледжішілік ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жас ұрпақ тәрбиелеу.
Іс-шара Жамбыл жоғары медицина колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевнаның құттықтау сөзімен басталды.
Мерекелік іс-шара барысында қазақ,орыс, украин, әзірбайжан, өзбек,түрік, кәріс , дүнген, қырғыз,тәжік, грузин ұлттары өз тілінде тілегін айтып,би билеп, ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.
Жауапты: Кенбаева Н.М.