«24.02-24.03.2024ж. аралығында өтетін туберкулезбен күресу айлығына» орай 04.03.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі студенттерімен Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының торокальды хирургі Ғ.А.Джантайбеков пен СӨС мейіргері С.Қожабекова «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел мақсаты: Туберкулез ауруының пайда болуы, аурудың алғашқы белгілері, тарау жолдары мен сақтану жолдары туралы түсінік бере отырып, алдын алу ,жеке бас гигиенасын сақтауға денсаулықты түзетуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.