«WorldskillsLyon – 2024» кәсіби шеберліктің әлем чемпионатына
«Болашақтың дағдылары және кәсіптік білім берудегі білім беру инновациялары: Франция тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық тағылымдама бағдарламасына қатысу
09.09.-17.09.2024 ж. аралығында әдістемелік кабинет меңгерушісі Л.К.Мейрманова, офис-регистрация басшысы С.Г.Бибосынова, клиникалық пәндер оқытушысы Ж.А.Токташева«Worldskills Lyon – 2024»кәсіби шеберліктің әлем чемпионатына «Болашақтың дағдылары және кәсіптік білім берудегі білім беру инновациялары: Франция тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық тағылымдама бағдарламасына қатысты.
Халықаралық тағылымдама бағдарламасына Лиондағы SEPR кәсіптік оқу орталығына оқу сапары, SEPR кәсіптік білім беру орталығының Аннонай қаласындағы филиалына бару (Sepr Annonay) кірді. SEPR алты бағыт бойынша 120-дан астам оқу бағдарламаларын ұсынды.
Аннонэ қаласында орналасқан SEPR (Sepr Annonay)білім беру қалашығында студенттер мен олардың тәлімгерлері дайындаған ерекше тағамдарды дайындау бойынша шеберлік-класстары көрсетілді. Түскі ас үстінде Қазақстан мен Франция колледждері арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқыланды.
Сондай-ақ Ғылым және өнеркәсіп қаласының халықаралық бөлімінің басшысымен кездесу ұйымдастырылып, онда «Кәсіптік білім берудегі инновациялық тәсілдер: болашақ бағыттары мен перспективалары»(Cité des Sciences et de l’industrie) тақырыбында дәріс оқылды. Сонымен қатар «Ecole 42» программисттерге арналған болашақ мектебінің халықаралық бөлімінің өкілімен кездесті.
Халықаралық тағылымдама бағдарламасының ерекше маңызды бөлігі – LDLC Arena-да ұйымдастырылған «Worldskills Lyon – 2024» әлемдік шеберлік чемпионатының жұмыс алаңына бару болды, онда 31 құзыреттілік бойынша жұмыс алаңдарының ұйымдастырылуын және жабдықталуымен танысты.
«WorldSkills Lyon 2024» 47-ші чемпионатының салтанатты жабылуына қатысып, жарыс қорытындысы мен қатысушылардың жетістіктері қорытындыланды.