Бөлім меңгерушілері

Бөлім меңгерушілері

Жапаркулова Фарида Кадырбековна – «Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер» біліктілігі,  «Фармация» мамандығы, «Фармацевт» біліктілігі бөлімінің меңгерушісі.

1989 жылы Жамбыл медициналық колледжін бітірген.

1996 жылы Тараз Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.

2016 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Іскерлік әкімшілік магистрі» дәрежесін алған.

2002 – 2006ж аралығында тәрбие ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. Колледжде 2005-2008 жылдар аралығында  бастауыш Нұр Отан партиясының төрайымы, 2014-2019 жылдар аралығында колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып қоғамдық жұмыстар атқарды.
2006-2014 жж. 1 курс «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі, 2015 жылдан бастап «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі және 2018 жылдан бастап «Емдеу ісі» мамандығы,«Фельдшер» «Фармация» мамандығы, «Фармацевт» біліктілігі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

Марапаттары:

2014 жылы Медицина қызметкерлері күнін мерекелеуге байланысты медицина кадрларын дайындауда жоғары көрсеткіштері үшін Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.

2015 жылы Облыстың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы  «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің  ЖОФ – ның Құрмет грамотасымен марапатталды.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай, Жамбыл медициналық колледж директоры Ж.Н. Сарыбекованың  Алғыс хатымен марапатталды.

2017 жылдың сәуір айында жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары  үшін «Ы.Алтынсарин»  төс белгісімен марапатталды.

2018 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың   Тәуелсіздік күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін  алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Дарынды оқушылардың қаблетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен «Білім беру саласының білікті ұстазы» атты республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2020 жылы Білім саласына қосқан айрықша үлесі үшін «Білім беру саласының білікті ұстазы» атты төсбелгісімен марапатталды және куәлік берілді.


Калымбетова Жанна Бахытовна –  «Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» біліктілігі, «Мейіргер ісі»  мамандығы «Жалпы практика мейіргері» біліктілігі , «Зертханалық диагностика» мамандығы, «Медициналық зертханашы» біліктілігі бөлімінің меңгерушісі.
2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих» факультетін бітірді. Жалпы еңбек өтілімі – 15 жыл. Санаты -жоғары.

2005 жылдан бастап Жамбыл медициналық колледжінде жұмыс істейді.

2009-2014 ж. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2015 жылдан бастап «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» және 2020 жылдан бастап «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі»,  «Зертханалық диагностика» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

2016 жылы Білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Республикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» журналының ұйымдастыруымен «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» жобасының арнайы медалімен марапатталды.

2017 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» магистрі дәрежесін алды.

2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.


Ескебекова Зираш Сердалиқызы«Мейіргер ісі»  бөлімінің меңгерушісі.

Білімі: арнайы-орта: 

1989-1992жж. – Қызылорда медициналық училищесі, «Мейіргер  ісі» мамандығы;

жоғары:

2001-2006 жж. – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,  «Биология және химия» пәнінің оқытушысы;

2012-2018 жж.-  Саратов мемлекеттік медициналық университеті, «Академиялық  мейірбике.  Оқытушы»  бакалавры  дәрежесі.

Жалпы еңбек өтілі: 28 жыл, оның ішінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 14 жыл.

Кәсіби тәжірибесі:     

1992-2005 жж. –  Облыстық перинаталдық  орталығында мейірбике;

2006-2015жж. –  Жамбыл медициналық колледжінде «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы;

2015-2018жж. – «Орта медициналық қызметкерлердің білімін арттыру және қайта даярлау» бөлімінің әдіскері;

2018-2019 жж. –  «Фармация» және «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі;

2019 жылдан бастап «Мейіргер ісі»  бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.

Марапаттары:

  1. 2017ж. – Білім беру саласында кәсіби мамандарды дайындауда қосқан үлкен үлесі үшін Тараз қалалық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.
  2. 2018ж. – Медицина қызметкерлері күні қарсаңында халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
  3. 2018 ж. – ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі және мінсіз адал еңбегі үшін Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
  4. 2019 ж.- Білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Жылдың үздік ұстазы» атты төсбелгімен және І дәрежелі дипломмен марапатталды.


Айдралиева Асел Болатқызы – «Мейіргер ісі» бөлім меңгерушісі.

2005 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясының  стоматология  факультетін бітірген. Жалпы еңбек өтімі  – 14жыл, оның ішінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінде – 14 жыл. Еңбек жолын 2006 жылдан Жамбыл медициналық колледжінде «Физиология», «Анатомия» пәнінің оқытушысы болып жұмыс атқарды. 2012 – 2019 жылдар аралығында №1 жалпы кәсіптік пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы болып  жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқаруда.

Жамбыл облысы әкімдігі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен, Қазақстан медициналық колледждерінің одағы заңды тұлғалар бірлестігінен алғыс хатпен, «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі » медалімен марапатталған.

I-ші санаттағы «Анатомия, физиология, патология» пәнінің оқытушысы.


Дүйсембаева Ұлжан Ерназарқызы – «Мейіргер ісі», «Қолданбалы бакалавр» бөлімінің меңгерушісі

2014 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Мейірбике ісі бакалавры» академиялық дәрежесі берілді.

Жалпы еңбек өтімі – 6 жыл, оның ішінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінде – 4 жыл.

Еңбек жолын 2014 жылдан Жамбыл медициналық колледжінде «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы болып бастады.

2015-2017 жылдар аралығында №3 арнайы пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы болып жұмыс атқарды.

2018-2019 жылдар аралығында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АК «Клиникалық пәндер оқытушысы» болып жұмыс атқарды.

2019 жылы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АК, «Медицина ғылымының магистрі» дәрежесі берілді.

2020 жылдан бастап «Мейіргер ісі», «Қолданбалы бакалавр» бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқаруда.


Жарасова Жұлдыз Сатбекқызы – «Емдеу ісі» біліктілігі «Акушер(ка)», «Фельдшер»  бөлім меңгерушісі
2015 жылы Қыргыз Мемлекеттік Медициналық Академиясының «Емдеу ісі» факультетін бітірген.
2017 жылы «Акушерство және гинекология» бойынша ординатура бітірген.
2017 жылдан бастап Жамбыл жоғары медицилалық колледжі «Акушерство және гинекология» пәнінің оқутышысы;2018-2019 оқу жылдары №1 ЦӘК төрәйімі.
2020 жылдан бастап «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқаруда.