Фармация

0306000 – «Фармация» мамандығы, біліктілігі: 030601 3 – «Фармацевт»

Оқу түрі: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында

 0306000 – «Фармация» мамандығы, біліктілігі: 030601 3 – «Фармацевт» түлектеріне қойылатын базалық және бейіндік құзыреттер

Жамбыл медициналық колледжі 1978 жылдан бастап, «Фармация» мамандығы бойынша болашақ фармацевтерді дайындайды. Оқыту түрі ақылы және бюджет түрінде, орыс және қазақ тілінде жүргізіледі.

 

Сабақ колледждің аудиториясында және тәжірибелік кабинеттерде жүргізіледі. Оқыту аудиториясы қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен, көрнекіліктермен, мультимедиялық кабинеттермен жабдықталган. Колледж ЖШС «Садыхан», ЖШС «Ерко»,  ЖШС «Әмір және Д», ЖШС «NurKai», ЖШС «Қоныс Б», ЖШС «Лия-Фарм», ЖШС «Орынкул Фарм» фармацевтикалық фирмалармен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

 

Болашақ мамандарды дайындауда білім және денсаулық сақтау үздіктері, жоғарғы және І-ші санаттағы оқытушылар сабақ береді. Түлектер Республикамыздың облыстық, қалалық, аудан орталықтарындағы дәріханалық ұйымдарында жұмыс істейді.

 

Фармацевт келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:

 Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, оған тұрақты қызығушылық танытады.

Міндеттерді анықтайды және өз қызметін жоспарлайды, қойылған мақсаттарды ескере отырып, базалық күрделілік санатындағы кәсіптік міндеттерді орындаудың үлгілік әдістері мен тәсілдерін таңдайды, олардың тиімділігі мен сапасын бағалайды

Құзырет ішегінде фармацевтикалық қызмет саласындағы негізгі күрделілік санатының практикалық міндеттерін дербес шешеді, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін талдайды, ағымдағы және қорытынды бақылауды, бағалауды және түзетуді жүргізеді.

Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады, кәсіби міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты іздестіруді және пайдалануды жүзеге асырады, кәсіби қызметте технологиялардың жиі ауысуы жағдайында бағдарланады.

Фармацевтикалық қызмет саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдаланады.

Кәсіби терминологияны меңгереді

Ұжым мен командада жұмыс істеу үшін қажетті коммуникативтік дағдылар кешенін меңгерген, әріптестерімен, басшылықпен, тұтынушылармен тиімді қарым-қатынас жасайды.

Міндеттер қояды, бағыныштылардың қызметін уәждейді, тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапкершілік қабылдай отырып, олардың жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.

Кәсіби және жеке даму міндеттерін дербес анықтайды, өз бетімен білім алумен айналысады, өз біліктілігін арттыруды саналы түрде жоспарлайды.Салауатты өмір салтын жүргізеді және насихаттайды,денсаулықты нығайту, өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету үшін дене шынықтырумен және спортпен айналысады.

Нормативтік-құқықтық базаның талаптарына сәйкес дәрілік заттарды, дәрілік өсімдік шикізатын және дәріхана ассортиментінің тауарларын қабылдауды, сақтауды ұйымдастырады.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және дәріханалық ассортименттің басқа да тауарларын халыққа және медициналық ұйымдарға береді.

Сауда залын рәсімдеуге қатысады.

Санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Бастапқы есепке алу-есеп беру құжаттамасын рәсімдейді.

Дәріхана ассортиментінің тауарларына сұранысты талдайды

Дәріхананың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және жоғары фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған кезде дәріхана ұйымына басшылықты жүзеге асырады.

Дәріхана ассортиментінің тауарларына жеткізушілерге өтінім рәсімдейді.

Медициналық ұйымдардың рецептілері мен талаптары бойынша дәрілік нысандарды дайындайды.

Дәріханаішілік дайындамаларды дайындайды және кейіннен сату үшін дәрілік заттарды өлшейді.

Дәрілік заттарды дәріханаішілік бақылаудың міндетті түрлерін меңгерген.

Халыққа дәрілік заттарды және дәріханалық ассортименттің басқа да тауарларын үй жағдайында тиісті пайдалану және сақтау бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

Медициналық ұйымдарды дәріханада бар дәрілік заттар мен дәріхана ассортиментінің тауарлары туралы хабардар етеді.