Кітапхана– дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Елбасы Н. Назарбаев «21 ғасыр- мәдениеттің, ғылым мен білімнің қайнар көзі – кітапхана» деп атап көрсеткендей, оқу орнындағы оқыту, білім үрдісін ақпараттың орталығы – кітапханасыз елестету мүмкін емес.
Бүгінгі таңда қоғамдық өзгерістер, өркениеттік деңгейге көтерілу, ашық ақпараттық кеңістікке өту кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Колледж кітапханасы мәдениет, ақпарат және біліми орталығы ретінде колледж өміріндегі оқиғалардан тыс қалмайды. Кітапхана білім беру стандарттарына сәйкес оқу үрдісін қажетті оқулықтар, ғылыми басылымдар, оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар, мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етеді. Кітапхананың жалпы қоры -109409 дананы, оның ішінде барлық пән бойынша оқу әдебиеттері 95580 дананы, оның ішінде қазақша оқулықтар – 46958 дананы, оқу- әдістемелік әдебиеттер – 8991 дананы, электрондық кітаптар – 1527 дананы, әдеби кітаптар – 5001 дананы құрайды.
Кітапхана оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Жаңару заманы қоғамымызға ірі өзгерістер мен бірге ұлттық сананы, ұлттық сананы, ұлттық қадір – қасиетімізді, табиғи даралық белгілерімізді жандандыруға жол ашты. Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Терең білім алу, ғылым жаңалықтарын,и өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін көп оқу керек. Сондықтан да кітап адам өмірінде мағызды роль атқарады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбәр адамы күнделікті өз тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл – кеңес, тәлім- тәрбие, үлгі- өнеге алады. Кітап- рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар.
Мерзімдік басылымдар 2021 ж.
Газеттер:
- Ақ жол
- Егемен Қазақстан
- Казахстанская правда
- Арай
- Жамбыл-Тараз
- Знамя труда
- Литер
- Айқын
- Денсаулық әлемі
- Түркістан
Журналдар:
- Денсаулық
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілер Мектептегі кітапханашы
- Физкультура и спорт
- Қазақстан әйелдері
- Пожарный спасатель
- Білім беру басшыларының анықтамалығы
- Білім беру ұйымының әдіскері
- Педагогика ж\е психология
- Еңбек қауіпсіздігі және кәсіпорында еңбекті қорғау жинақталымы
- Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемелігі
- Фармация Казахстана
- Ординатор
- Денсаулық сақтау ұйымының басшысы, жинақталымы
- Самопознание.кз
- Қызықты психология
- Мейірбике ісі
- Қазақстан тарих
- Әлеуметтік педагогика ж\е өзін-өзі тану
- Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы
- Мектеп директорының орынбасары оқу тәрбие жұмысы
- Оқу инновациялық технологиялар
- Кәсіптік қазақ тілі
Оқу залында жазылған басылымдвардың барлығы бір данадан тігілген, кітапханаға келіп оқуға болады.
18.02.2023ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде кітапханашылардың ұйымдастыруымен “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында квест ойыны өткізілді. Білімгерлердің ішкі əлемін байыту, жалпы дүниетанымын дамыту, топта жұмыс істеуге яғни рухани баулуға арналған.
Қатысушы топтар: 131 топ “Жалындар”, 120 топ “Жастар”, 115 топ “Жалын”, 107 топ “Элегант”. Қатысушылардың арасынан l орынды иеленген топ 107 топ “Элегант” тобы жеңіп алды. Əр қатысушыларға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
16-17.02.2023ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Адалдық» алаңында рухани-адамгершілік патриоттық тəрбие беру мақсатында кітапханашылардың ұйымдастыруымен Серікбол Қондыбай Əділбекұлының 55 жылдығына арналған көрмемен танысу өтті. С.Қондыбай (1968-2004)- ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мəдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан жəне түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымы. Білімгерлер көрмемен танысып, өлкетанушының портретін фойедегі тақтаға салды. Қатысқандар: 108, 115, 120, 135, 139 топ білімгерлері.
«Тәуелсіз Қазақстан біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз»
13.12.2022ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжі 3-ші қабатында фойеде «Тәуелсіз Қазақстан біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз» атты кітап көрмесі өтті. Жалпы колледж білімгерлері мен оқытушылары келіп көрмемен танысты.
«Оқуға құштар колледж – білім, шығармашылық, даму аумағы»
30.11.2022ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Б» ғимаратындағы конференц залында «Оқуға құштар колледж – білім, шығармашылық, даму аумағы» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті. Мақсаты: техникалық және кәсіптік колледждер кітапханашыларының арасындағы тәжірибе алмасу.
«Буккроссинг кітап алмасу акциясы»
25.11.22 ж. Колледжіміздің Акт залында кітап оқуды насихаттау мақсатында
« Буккроссинг кітап алмасу акциясы» өтті. Акцияда студенттер оқыған кітаптарымен бөлісті. Акцияға Тәрбие жұмысының меңгерушісі Айдабосынова Ж. Н, Емдеу ісі бөлімінің меңгерушісі Қалымбетова Ж. Б., оқытушы Сағитжанова А. қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
«Өзім оқып шықтым, саған да оқуға кеңес беремін»
22.10.2022 ж. Жамбыл жоғарғы медициналық колледжінің «Сoworking» оқу орталығында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Абай шығармалары негізінде «Өзім оқып шықтым, саған да оқуға кеңес беремін» тақырыбында библио-кросс жарысы өтті. Іс- шараның мақсаты – Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Студенттер Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін айтып, әнін айтты.
« Өмірі өнегелі өр тұлға»
- 03. 2022 ж. Д. Қонаевтың 110 жылдығына орай « Өмірі өнегелі өр тұлға» атты іс-шара кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілді. Іс- шараға 201 топ студенттері қатысты. Тәрбие жұмысының меңгерушісі Айдабосынова Ж. Н. қатысты. Д. А. Қонаевтың халыққа жасаған еңбегі, қайырымдылық жасағаны туралы айтылды.
«Кітапхана – табыс мекені»
20.09.2022 ж. Жамбыл жоғарғы медициналық колледжінің «Сoworking» оқу орталығында «Кітапхана – табыс мекені» атты ашық есік күні акциясы өтті. Іс- шараның мақсаты – 1 курс студенттеріне рухани әлемін байыту мақсатында кітап оқуға насихаттау, кітапхананы таныстыру, оқуға деген құштарлығын ояту.
1 курс студенттеріне кітапханадағы көркем әдебиеттер мен энциклопедиялар және сөздіктер, тарихи кітаптар таныстырылды.
04.11.2022ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжі 3-ші қабатында фойеде оқытушылар мен білімгерлерге арналған жаңа кітаптар мен көркем әдебиет көрмесі өтті. Мақсаты: оқуға құштар жанды көркем әдебиет оқуға кітапханаға шақыру.
03.11.2022ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжі Адалдық алаңында білімгерлерге арналған көркем әдебиет пен мерзімдік басылымдар көрме-фуршеті өтті.
Мақсаты: білімгерлердің ой-өрісін дамыту негізінде кітапханаға кітап, газет-журнал оқуға шақыру.
26.04.2021 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлері Чернобыль апатына 35-жыл толуына орай «Чернобыль жаңғырығы» атты танымдық сағатын өтті. Қатысқан: 113 топ студенттері.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапхана меңгерушісі Н.Е.Бегалиеваның ұйымдастыруымен Ш. Сариевтың 75 жыл толуына арналған буктрейлер дайындады.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапхана меңгерушісі Н.Е.Бегалиеваның ұйымдастыруымен Ы. Алтынсаринның туылғанына 180 жыл толуына арналған буктрейлер дайындады
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің электронды кітапханашы Н.Т Сейдалиеваның ұйымдастыруымен Ж. Жабаевтың 175 жыл толуына арналған арналған буктрейлер дайындады.
09.04.2021 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапхана меңгерушісі Н. Бегалиеваның жетекшілігімен 101 топ студенттері:Қуатқызы Айдын, Мейірхан Айшат, Алдабергенова Амина Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақын,аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген Қайраткері Шөмішбай Сариевтың туылғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырған «Сұлу саздың зергері» атты ән кешіне қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
21. 02. 20 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Конференц залында» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Батыратын неше алуан сезімге, құдірет бар ұлы Абай сөзінде» атты әдеби-сазды кеш 103 топ студенттерінің қатысуымен өткізілді.
30. 11. 2019 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапханасы Coworking оқу орталығында «Оқы және өзгеге сыйла» атты буккросинг акциясы және 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 1-2-3 курс студенттерінің қатысуымен іс-шара өткізілді.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапханасы Coworking оқу орталығында 14 наурыз «Көрісу» күніне және 22 – наурыз «Наурыз» мейрамына орай 214 топ студенттерінің қатысуымен іс- шара өткізілді.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапханасы Coworking оқу орталығында 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – еркін елдің ұраны! Жас ұрпағы – болашағы қыраны! атты дөңгелек үстел 214, 403 студенттерінің қатысуымен өткізілді.
02. 10. 2019 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапханасы Coworking оқу орталығында «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік кеш 214 топ студенттерінің қатысуымен өткізіліп, бейне – фильмдер көрсетілді. Көрме дайындалды. Ұстаздарға арнап ән айтылды.
06.03.2018 жылы Жамбыл медициналық колледжінің кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани дамыту» орталығында кітап көрмесі мен 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел барда – әлем бар» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Іс-шара барысында Күләш Ахметова, Сара Назарбаева, Дариға Жантохова, Салтанат Байқошқарова сынды аналарымыздың шығармалары мен еңбек жолдарындағы өмірі туралы суденттерге үлгі ретінде мәлімет берілді.