0302000 – «Мейіргер ісі» Біліктілігі: 030204 3 – «Жалпы практикадағы мейіргері»
Оқу түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 жыл 10 ай негізгі орта білім базасында;
2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында
0302000 – «Мейіргер ісі» Біліктілігі: 030204 3 – «Жалпы практикадағы мейіргері» түлектеріне қойылатын базалық және бейіндік құзыреттер
Өзін – өзі дамыту бағытында: өзінің үздіксіз кәсіби дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау жауапкершілігін көрсетеді және өзіне қабылдайды және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың ең тиімді әдістерін таңдайды.
Сыни ойлау және шешім қабылдау бағытында: қиын жағдайларда мәселелерді және әлеуетті шешу жолдарын анықтайды, фактілерді, пайымдауларды қисынды талдайды және оның кәсіби қызметі шеңберінде негізделген шешімдер қабылдайды.
Қоғамдастықтағы қоғамдық рөл: қоғамдық өмірге белсенді қатысады, қоғамдағы мейіргерлердің рөлін нығайтуға ықпал етеді, әртүрлі мәдени және жас топтары адамдармен өзара іс-қимыл кезінде төзімділік танытады, субординация мен кәсіби ынтымақтастық сақтайды.
Этикалық қағидаттар: кәсіби этикалық қағидаттарға бейімділігін көрсетеді, құпиялылықты сақтайды, пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік шараларын түсінеді, пациенттердің/клиенттердің, отбасылар мен топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір жағдайларда этикалық мәселелер туындаған кезде сыни бағалайды және шешімдер қабылдайды.
Эстетика бағытында: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды, пациент үшін эстетикалық жайлылықты жасау және дүниетанымды байытуға үздіксіз ұмтылады.
Коммуникативтік дағдылар: мәдениет, сенім, салт-дәстүр, өмір салты және түрлі тілдердегі дүниетаным бойынша ерекшеленетін адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді.
Топта жұмыс істеу: әр түрлі кәсіби топтарда жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсетеді, бірлескен жұмыстың нәтижелілігі мақсатында өзін-өзі басқарудың жеке дағдыларын көрсетеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында: кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады
Салауатты өмір салты: халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған алдын – алу жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды біледі және пайдаланады, салауатты өмір салтының ұлттық және халықаралық стратегиялық бағдарламаларының әдістері мен технологияларын меңгерген.
Бақылау бағытында: созылмалы және әлеуметтік-маңызды аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылауды жүзеге асырады
Кеңес беру: пациенттер мен оның отбасы мүшелерін денсаулықты сақтау, күтім жасау және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша оқытады, қауіп және қорғану факторларын анықтайды. Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, жеке және отбасылық деңгейде алдын алу іс-әрекеттерін жоспарлайды және орындайды.
Күтім және орта қауіпсіздігі: стандарттарға, дәлелді білімге және клиникалық дағдылардың кең спектріне сәйкес қауіпсіз күтім жасайды, зиянды факторлардың әсерінен адамдарды қорғаудың заманауи технологиялары мен тиімді әдістерін пайдаланады, қауіпсіз фармакотерапияны жүзеге асырады.
Сапасы: сапа индикаторларына сәйкес өз қызметін бағалайды. Өзінің жұмыс контексінде күтім сапасын арттыру үшін жауапкершілік танытады.
Пациент-орталықтанған мейіргерлік күтім бағытында: пациенттердің қажеттілігін анықтайды, пациент-орталықтанған жоспарды жасайды және енгізеді, күтім нәтижелерін құжаттайды және бағалайды. Пациенттің және отбасының қатысуымен мейіргерлік шешімдер қабылдайды
Оңалту бағытында: оңалту және сауықтыру тәсілін қолдана отырып, пациенттердің функционалдық қабілеттерін бағалайды және жақсартуға ықпал етеді.
Дәлелді мейіргерлік практика бағытында: мейіргерлік күтімді көрсетеді және дәлелді білім негізінде шешім қабылдайды.
Клиникалық шешім қабылдау үшін орынды медициналық ақпаратты пайдаланады.
0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы, біліктілігі: 030205 4 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
Оқыту нысаны: күндізгі
3жыл 6 ай (жалпы орта білім беру базасында)
Оқыту нысаны: күндізгі
1жыл 6 ай (техникалық және кәсіптік білім базасында)
0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы, біліктілігі: 030205 4 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» студенттеріне қойылатын базалық және бейіндік құзыреттер
Өзін-өзі дамыту: өзінің үздіксіз кәсіби дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың ең тиімді әдістерін таңдайды.
Топта оқыту: топта қойылған топтық мақсаттарға жету үшін білім, тәжірибе және ресурстармен алмасу, ұжымдық тапсырмаларды нақты және уақтылы орындау үшін жауапкершілікті көрсетеді
Ақпаратты басқару дағдылары: ақпаратқа деген жеке қажеттілікті анықтайды, ақпараттық іздестірудің басым бағыттарын анықтайды, әртүрлі көздерден алынған ақпаратты табады және сыни бағалайды, алынған ақпаратты практикада қорытады және қолданады.
Сыни ойлау және шешім қабылдау: проблеманы және ықтимал шешу жолдарын анықтайды, фактілер мен пікірлерді логикалық талдайды, гипотезаны тексереді және оқиғалардың ықтималдығын бағалайды, қорытынды жасайды және негізделген шешімдер қабылдайды.
Кәсіби этика: пациенттің/клиенттің/отбасының және қоғамдастықтың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіби этикалық қағидаттарға, сондай-ақ құпиялылық қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.
Рөлдер мен жауапкершілік: өз рөлін, құқықтары мен лимиттерін сезінеді; нормативтік-құқықтық актілерге және ұйымдастыру талаптарына сәйкес өзінің іс-әрекеттері мен әрекетсіздігі үшін өзіне жауапкершілік қабылдайды.
Рефлекторлық мінез-құлық: өз іс-әрекетінің тиімділігін, кәсіби команда мен жалпы ұйымның қызметін талдауға, іс-әрекетті түзетуге және соңғы нәтижеге жауапты болуға қабілетті.
Оң жұмыс ортасы: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды, уақытты тиімді басқарады, күшті командалық рух пен позитивті психоэмоциональды климатты қолдауға жауапты болады.
Коммуникативтік дағдылар: әр түрлі жағдайларда, мемлекеттік және орыс тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда тиімді кәсіби коммуникация дағдыларын көрсетеді.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар: кәсіби мақсатта тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады.
Төзімділік: мәдениет, сенім, салт-дәстүрлер, ұлт, өмір салты мен дүниетаным бойынша ерекшеленетін адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті мен құрметін көрсетеді.
Ағылшын тілінде коммуникация: Ағылшын тілін кемінде Интермедиат (Intermediate) деңгейінде кәсіби мақсатта пайдаланады.
Креативтілік: әр түрлі міндеттер мен мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарауға, жаңа жақсартылған шешімдерді табуға қабілетті.
Инновациялық әлеуметтік өзара іс-қимыл: әр түрлі кәсіптермен, көзқараспен және тәжірибемен адамдардың командалық жұмысы нәтижесінде жаңа идеяларды құруға қабілетті.
Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жақсарту: технологияларға қажеттілікті анықтайды, қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін қазіргі заманғы технологияларды пайдаланады, жоспарлайды және енгізеді.
Қауіпсіздік: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады, қауіпсіздікдік деңгейін арттыру үшін әртүрлі технологияларды қолданады, оларды күтпеген және тез өзгеретін жағдайларда, сондай-ақ дағдарыс және апат жағдайларында сыни бағалайды және бейімдейді.
Клиникалық дағдылар мен білім: операциялық емшаралар стандарттарына және дәлелді мейіргерлік басшылықтарға (стандарттарға) сәйкес қауіпсіз және орталықтанған мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету үшін клиникалық дағдылар мен технологиялардың кең спектрін меңгерген, денсаулықтың бұзылуы туралы терең білімді меңгерген және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарында жеке тұлғаларға, отбасыларға және топтарға тиісті мейіргерлік күтімді жүзеге асырады.
Пациент-орталықтанған мейіргер күтімі: заманауи теориялық және клиникалық білімді пайдалана отырып, мейіргерлік күтімге қажеттілікті дербес бағалайды, сондай-ақ пациент-мейіргерлік күтімнің орталықтанған жоспарын әзірлейді; пациентпен бірге оның отбасының пікірін ескере отырып шешім қабылдайды; жеке тұлғаға бағдарланған/пациент-емдеу нәтижелеріне қол жеткізуге баса назар аудара отырып, орталықтанған біріктірілген мейіргерлік күтім көрсете отырып, күтім жоспарын жүзеге асырады, кейінгі күтім туралы ұсыныстар береді.
Мейіргер ісін құжаттау: мейіргерлерді жіктеу жүйесі және қажетті компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, электрондық медициналық жазбаларды жүйелеу негізінде мейіргерлік құжаттаманы уақтылы және дәл жүргізеді; құжаттардың мониторингі мен талдауын жүзеге асырады.
Дәлелдемелерге негізделген ақпаратты түсіндіру және шешімдер қабылдау: алдыңғы қатарлы мейіргерлік технологияларды әзірлеуге бағытталған биомедициналық және мейіргерлік зерттеулер саласындағы ақпаратты бағалайды, дәлелді мейіргерлік практика негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
Мейіргерлік зерттеу жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру: мейіргерлік қызметтерді қалыптастыру және іске асыру бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды жетілдіру, одан әрі дамыту мақсатында ғылыми зерттеулерді жоспарлау кезінде шығармашылықты көрсетеді.
Ғылыми зерттеулер нәтижелерін тиімді тарату: зерттеу нәтижелерінің тиімді ғылыми презентацияларды жүзеге асырады және оларды клиникалық практикаға енгізеді, әртүрлі презентациялар түрлерін ұсынады, зерттеу нәтижелерін түрлі аудиториялар үшін таратады.
Сапасы: Ақпаратты таратудың жоғары құндылығын, озық тәжірибені мойындайды, мейіргерлік қызмет көрсету сапасын және өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін жауапты болады.
Мейіргер ісіндегі менеджмент: техникалық және кәсіптік білімі бар мейіргерлік персоналға және студенттерге басшылық жасауды қамтамасыз етеді; медициналық ұйым жұмысының тиімділігін арттыру бойынша басқарушылық шешімдерді әзірлеуге қатысады.
Коллаборация: командада басқа кәсіпқойлармен жұмыс істейді, топтық мақсаттарға жету үшін жауапкершілікті бөледі, мейіргерлік күтім сапасын арттыру мақсатында өзара тиімді кәсіби ынтымақтастыққа ұмтылады.
Салауатты өмір салты және денсаулықты нығайтудың мінез-құлық стратегиясы: өмір салтына ықпал ету және жеке тұлғалар мен отбасылардың өз бетінше күтуін көтермелеу арқылы денсаулық жағдайын жақсарту үшін жеке/отбасылық/қоғамдық деңгейлерде тиімді мінез-құлық стратегияларын қолданады.
Әлеуметтік маңызы бар ауруларды басқару: қауіп және қорғау факторларын анықтайды, жеке/отбасылық/популяциялық деңгейлерде алдын алу іс-әрекеттерін жоспарлайды, осындай іс-әрекеттердің тиімділігін бағалайды.
Денсаулықты нығайту саласындағы саясат: қоғам деңгейінде денсаулықты нығайту саласында әртүрлі стратегиялар мен саясатты ілгерілетуге қатысады
Клиентті/ пациентті / отбасын клиникалық тұрғыда оқыту: индивидуум/ топ/ отбасы қажеттіліктерін және олардың денсаулығын сақтау және өзіне-өзі көмек көрсету үшін өзіндік ресурстарын анықтайды; оқыту жоспарын әзірлейді, пациентті жоспарға сәйкес олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін мейіргерлік күтім іс-шараларын дербес орындауға үйретеді және олардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалайды.
Оқыту әдістері мен материалдары: пациенттердің қажеттіліктеріне сәйкес, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып және олардың дербестігіне ықпал ете отырып, оқыту және басшылық әдістерін таңдауға және қолдануға қабілетті; оқыту іс-шараларының тиімділігін арттыру үшін соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде клиент/пациент/отбасы және топтар үшін оқу-ақпараттық материалдарды әзірлейді.
0302000 – «Мейіргер ісі» Біліктілігі: 0302032 – «Массажист»
Оқу түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі: 1 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында
0302000 – «Мейіргер ісі» Біліктілігі: 0302032 – «Массажист» түлектеріне қойылатын базалық және бейіндік құзыреттер