Жамбыл жоғары медициналық колледжінің әлеуметтік педагогі.
Білімі жоғары.
2002 – 2007 ж. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Физика және информатика»;
2012 – 2014 ж. Тараз мемлекеттік университеті, «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану»
2005 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жұмыс істеуде.
Әлеуметтік педагогтың мақсаты – студенттерге психологиялық жайлылық және қауіпсіздік жағдай жасау болып табылады, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, педагогикалық тетіктерін қанағаттандыру және жағымсыз құбылыстарды отбасында, колледжде, басқа да айналасындағы социумда алдына алу болып табылады.
Әлеуметтік педагогтың негізгі міндетерін – білім беру мекемесінде студенттерге әлеуметтік құқықтарын қорғау, дамыту және кәсіптік оқытуға жағдай жасау, отбасымен және колледжің арасында әріптестік қарым-қатынас жасау.
Әлеуметтік педагог колледж әкімшілігі, оқытушылар, педагог-психолог, студенттермен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) өзара қарым- қатынаста болады.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының мазмұны колледждегі студенттердің әлеуметтік қажетті мәселелерін анықтау.
Әлеуметтік педагогикалықстуденттермен колледжде жұмысының негізгі бағыттары:
- топтың әлеуметтік төлқұжатын дайындау;
- тәуекелді студенттер тобының картотекасын толтыру;
- студенттердің әлеуметтік мәселелерін байқау, оның туындау және колледждің шарттар есебімен шешу;
- педагогика және әлеуметтік қолайсыз отбасыларды есепке алу;
- әке-шешесінің қамқорлығынан қалған, көпбалалы отбасыдан шыққан, толық емес және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру;
мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік қызмет және қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалармен бірігіп әлеуметтік қоршаған студенттер мен олардың отбасыларына көмек көрсету.