«Буллинг және кибербуллинг»

Без рубрики
Бөлісу

«Емдеу ісі» бөлімі 128топ ЕФ 11/23
Топ кураторы: Чинасилова К.О.

Тақырыбы: «Буллинг және кибербуллинг»
Мақсаты:
«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту;
Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;
Ұжымында сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Негізгі бөлім:

• Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:
адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
• оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
сол жайында өсек тарату
• оны елемеу немесе жекелету
• ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
• ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
• қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.

Қорытынды: Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.