«Буллинг және кибербуллинг»

Бөлісу

18.11.2024 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Мейіргер ісі» бөлімінің 202М-9/23 тобының студенттерімен жасөспірімдердің желідегі қауіпсіздігін алдын алу мақсатында «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу. Студенттердің буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым -қатынасын орнату.

Топ кураторы: Кобегенова А.Т.