08.12.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледждінде «Буллингке жол бермейміз: құрмет – мінездің көрсеткіші» атты ұлдар жиналысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты – ер балалар арасында өзара сыйластықты нығайту, дұрыс қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және буллингтің алдын алу. Кездесу барысында буллингтің түрлері мен салдары талқыланды, құрметтің ер азаматқа тән мінез екені түсіндірілді, жауапкершілік, өз-өзін бақылау, достық қолдау туралы еркін пікір алмасты, қиын жағдайға тап болғанда қалай әрекет ету керектігі айтылды. Студенттер белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті. Бір-бірін тыңдау, түсіну және қолдау – біздің ортада ең маңызды құндылықтардың бірі екені тағы дәлелденді.
Біз бірге — буллингке қарсыбыз.
Біз бірге — құрмет мәдениетін қалыптастырамыз.
Жауапты: тәрбие бөлімі.
#АдалАзамат

