«Буллингке жол жоқ!»

Без рубрики
Бөлісу

2024 жылы мамырдың 3 күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 206М-9/22 тобы студенттерімен топ кураторы Айманбетова Нұрай Алтынбекқызы «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрибе сағатында топ студенттеріне буллинг туралы толық ақпарат беріп, оның түрлерін, пайда болу белгілерін, алдын алу және онымен күресу жолдары туралы мағлұмат берді. Тәрбие сағаты барысында әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы студенттердің бір-біріне деген шынай қарым-қатынасын анықтап, пікірлерін тыңдау кезінде олардың негізгі мәселелеріне назар аударып, оның шешімін таба білді.