“CITIUS, ALTIUS, FORTIUS” тақырыбындағы апталығы ашылды.

Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №3 жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндер ЦӘК-ң ұйымдастыруымен, сәуір айының 10 мен 14 аралығында өтетін “CITIUS, ALTIUS, FORTIUS” тақырыбында апталығы ашылды.
Апталықтың мақсаты: колледж студенттерін салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, спортпен шұғылдануға баулу, дене шынықтыру пәніне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке және ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 10.04.2023ж. бағдарламада:
1. 8.00-10.00 аралығында апталықтың салтанатты ашылуы. Колледж алаңында баскетбол себеті, дартс (нысана) орналастырылды. Себетке допты дәл түсіру, нысананы дәлдеп ату ойындары ұйымдастырылды. Ойын шартын орындаған ойыншыға сыйлықтар берілді.
2. 10.04.2023ж.
ЦӘК оқытушысы Айнақұлов М.Қ. дене шынықтыру пәнінен “Жеңіл атлетика. Жоғары сөреден орта қашықтыққа жүгіру әдісін үйретіп дамыту (800,1000м)” тақырыбында 108М-9/22 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: студенттердің бойында шыдамдылық, қарапайамдылық, ұйымшылдық сияқты қасиеттерді дамыту.